«Ливерпуль» қарқынды қадам жасады: Диогу Жотаның отбасына толық өтемақы төленеді

«Ливерпуль» қарқынды қадам жасады: Диогу Жотаның отбасына толық өтемақы төленеді
Футбол

BBC

Ағылшынның атақты футбол клубы «Ливерпуль» жол апатынан қайтыс болған шабуылшы Диогу Жотаның отбасына оның 2027 жылға дейінгі келісімшарты бойынша тиесілі толық соманы төлеуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін клуб Жотаның 20-нөмірін мәңгілікке шығарып, оның есімін тарихта қалдыру жөнінде мәлімдеген болатын. Қайғылы оқиға кезінде футболшының інісі — «Пенафиел» командасының ойыншысы Андре Силва да қаза тапқан еді.

28 жастағы португалиялық шабуылшы «Ливерпульге» 2020 жылдың қыркүйегінде «Вулверхэмптоннан» ауысып келді. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирде 182 матч өткізіп, 65 гол соғып, 26 нәтижелі пас берген. Құрамында Премьер-лиганы, Англия кубогын және екі мәрте Лига кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, Португалия құрамасымен екі мәрте Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды.

Клубтың бұл шешімі футболшының отбасына құрметтің, жанашырлық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі болды.