Бекзад Нұрдәулетов нокаутпен жеңіске жетіп, Кубоктың алтын жүлдесін жеңіп алды

olympic.kz
Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының финалында қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.
85 келі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте Нұрдәулетов үндістандық Джугнуге қарсы рингке шықты. Бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген Бекзад, кездесуді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіспен аяқтады.
Осылайша, Бекзад Нұрдәулетов әлем кубогының жеңімпазы атанып, ел қоржынына алтын жүлде салды. Ал Джугну турнирді күміс медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Нұрдәулетов – 2019 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионы. Астанадағы турнир барысында ол аустралиялық Лаклан Лоусон мен түрік боксшысы Самет Эрсайды да жеңіп, финалға жолдама алған болатын.