Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы әлем кубогында ел боксшыларын құттықтады

Бокс
Bizmedia.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогында сәтті өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының мүшелерімен кездесіп, жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды Bassport.kz Kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасап.
«Жеңістеріңізбен құттықтаймын! Бокс — ерік-жігері мықты адамдардың спорты. Бұл – ерекше спорт түрі. Баршаңызға табыс тілеймін. Мемлекет әрдайым сіздерді қолдайды. Елімізде бокс одан әрі дамиды деп сенемін», – деді Президент спортшылармен жүздесу барысында.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен финалдық жекпе-жектерді жанкүйерлермен бірге тамашалады.
Айта кетейік, халықаралық додаға 29 елден 250 боксшы қатысуда. Бұл – рейтингтік турнир, және оның нәтижелері Олимпиадаға іріктеу процесіне әсер етеді.