Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан өтіп жатқан әлем кубогының финалдық жекпе-жектерін тамашалауда

Бокс
Forbes.kz
6 шілде күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан бокстан World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барып көруде, деп хабарлайды Bassport.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы отандастарымыздың финалдық айқастардағы өнерін жанкүйерлермен бірге тамашалап, боксшыларды қолдап жатыр.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған турнир — рейтингтік жарыс. Мұнда жиналған ұпайлар спортшылардың олимпиадалық іріктеуіне тікелей әсер етеді. Бірінші кезеңге әлемнің 29 елінен 250-ге жуық боксшы қатысуда.