“Интер” көшбасшысы жанжалдан кейін клуб ауыстырмақ

“Интер” көшбасшысы жанжалдан кейін клуб ауыстырмақ
Футбол

Спорт-Экспресс

Италияның “Интер” командасының жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоғлу мансабын жаңа клубта жалғастырады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Түркиялық “Галатасарай” ойыншыны қатарға қосу мақсатында келіссөздерді жалғастыруда. Дереккөздің мәліметінше, тараптар принциптік келісімге келген. 31 жастағы футболшы клуб ауыстыруға дайын.

Бұған дейін италиялық басылымдар “Интердің” шабуылшысы Лаутаро Мартинестің Чалханоғлуға қатысты наразылығын білдіріп, оны клуб намысын қорғай алмаса, кетуге кеңес бергенін жазған.

Өткен маусымда Хакан Чалханоғлу барлық турнирлерде 47 ойын өткізіп, 11 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.