Қайтарым мен нокдаун шешкен финал: Виктория Графееваға алтын медаль бұйырды

Қайтарым мен нокдаун шешкен финал: Виктория Графееваға алтын медаль бұйырды
Бокс

olympic.kz

Астанада өткен бокстан World Boxing әлем кубогының финалында Қазақстан құрамасының мүшесі Виктория Графеева ел қоржынына тағы да бір алтын медаль салды, деп хабарлайды Bassport.kz.

60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Графеева шешуші жекпе-жекте Бразилия өкілі Ребека Де Лима Сантоспен кездесті. Бірінші раундта басымдық қарсыластың еншісінде болғанымен, үшінші раундта Викторияның жігерлі қайтарымы нәтиже берді. Қазақстандық спортшы қарсыласын нокдаунға жіберіп, жекпе-жекті өз пайдасына бұрып, бөлінген шешіммен жеңіске жетті.

Бұл нәтиже Графееваның халықаралық аренадағы ірі жетістіктерінің бірі болды. Айта кетейік, ол 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Астанадағы турнирде Виктория финалға дейін жапон спортшысы Аяка Тагутиді, түрік боксшысы Гизем Озерді және үндістандық Санджу Санжуды жеңген болатын.