Санжар Тәшкенбай Астанадағы әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Бокс
olympic.kz
Астанада өтіп жатқан бокстан World Boxing әлем кубогының финалында қазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
50 келі салмақ дәрежесінде өткен шешуші жекпе-жекте Тәшкенбай филиппиндік Джей Брайан Барикуатромен кездесіп, айқын басымдықпен — төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай Қазақстан құрамасына алтыншы алтын медальді алып берді. Финалға дейін ол жапон спортшысы Содаи Кото мен әзірбайжандық Субхан Мамедовты жарыс жолынан шығарған болатын.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай — 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы. Ол бұл жеңісімен ел намысын тағы бір мәрте биікке көтеріп, жанкүйер үмітін ақтады.