УЕФA «Барселонаға» айып тағып, қатаң жаза қолданды

УЕФA «Барселонаға» айып тағып, қатаң жаза қолданды
Футбол

idman.biz

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФA) қаржылық фэйр-плей ережелерін бұзғаны үшін бірнеше танымал клубқа айыппұл салды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Испаниялық «Барселона» 60 миллион еуро айыппұлға тартылды. Оның 15 миллионы — міндетті түрде төленуге тиіс, ал қалған 45 миллионы шартты түрде белгіленген. Бұл каталониялық клубтың қазіргі қаржылық жағдайының ауыр екенін айқындай түседі. Соның салдарынан клуб жаңа ойыншыларды тіркеуде қиындықтарға тап болып отыр.

Айыппұл алған клубтар қатарында:

• «Челси» (Англия) — 80 млн еуро (20 млн — нақты, 60 млн — шартты),

• «Лион» (Франция) — 50 млн еуро (12,5 млн — нақты),

• «Астон Вилла» (Англия) — 20 млн еуро (5 млн — нақты),

• «Рома» (Италия) — 3 млн еуро. Францияның

«Лион» клубы қаржылық қиындықтар салдарынан Лига 1-ден түсіп қалды және апелляция нәтижесіне дейін екінші дивизионның клубы ретінде тіркелген.

Бұл шешім УЕФA-ның клубтардың қаржылық тәртібін реттеу және әділ бәсекелестікті сақтау жолындағы қатаң ұстанымын тағы бір мәрте дәлелдеді.