Нұрбек Оралбай әлем кубогының алтын жүлдесінен айырылды

Бокс
Elordainfo.kz
Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының финалында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай күтпеген жерден жеңіліс тапты, деп хабарлайды Bassport.kz.
80 келі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте Оралбайға франциялық Йожерлен Сезар қарсылас болды. Жекпе-жек сенсациямен аяқталып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Сезар жеңіске жетті.
Осылайша, Йожерлен Сезар турнирдің чемпионы атанып, алтын медальға ие болды. Ал Нұрбек Оралбай күміс жүлдемен шектелді. Айта кетейік, Нұрбек осы жарыстағы алғашқы екі жекпе-жегінде қарсыластарының жарыстан бас тартуына байланысты рингке шықпай-ақ жеңіске жеткен еді.
Еске сала кетейік, Оралбай – 2023 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері.