Жәнібек Әлімханұлына 20-0 көрсеткіші бар мықты қарсылас табылды

Boxing News
Өткен демалыс күндері Лондон (Ұлыбритания) қаласында бокс кеші өтіп, онда британдықтар Крис Юбенк (35-3, 25 КО) мен Конор Бен (23-1, 14 КО) кездескен болатын, деп хабарлайды Bassport.kz Vesti.kz сілтеме жасап.
Жекпе-жек нәтижесінде Юбенк төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулының иегері, доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) бұл жекпе-жекті әлеуметтік желіде “төмен деңгейлі” деп бағалады. Оның пікіріне Jam #RedCornerBoxing атты бокстық YouTube арнасының аккаунты жауап қатты:
“Карлос, Аарон Маккеннаға назар аударыңыз! Ол - орта салмақтағы титул үшін таласатын жігіт! Беннге немесе 35 жастағы Юбенкке бола уайымдаудың қажеті жоқ - ол енді екінші орта салмаққа өтуі керек. Ал Маккенна бірнеше жекпе-жектен кейін сіз бен Жәнібек Әлімханұлының басты назарында болады”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 20 жеңісі бар ирландиялық Аарон Маккенна әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген (10 жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған).
Ал қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) соңғы рет 5 сәуірде Астанада жұдырықтасып, бесінші раундта француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) нокаутпен жеңіп, IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғап шыққан болатын.