Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жекпе-жек өткізедi

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жекпе-жек өткізедi
Бокс

Sky Sports

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.

“Менің екі мақсатым бар. Біріншісі – орта салмақтағы барлық белдіктерді біріктіру. Екіншісі – Канеломен жекпе-жек өткізіп, оны жеңу. Осылайша, миссиямды толықтай орындаған боламын”, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңіп, WBO және IBF чемпиондық белбеулерін қорғады.