Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та сынға ұшырады

Бокс
instagram.com/janibek_alimkhanuly
АҚШ-тан шыққан телепродюсер және FOX пен PBC-де жұмыс істеген теледидарлық кеңесші Марк Ортега орта салмақта IBF/WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының әлеуметтік желілерді жүргізу стилін сынады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ортега «Қазақ стилінің» WBC белбеуінің иегері Карлос Адаместі «жойып», «зейнетке жіберемін» деп қорқытқан жазбасына жауап берді.
Көпшілік Жәнібектің әлеуметтік желілердегі жарияланымдарын боксшының өзі емес, оның команда мүшелерінің бірі жасайды деп болжады. Ортеганың пікірінше, чемпионның SMM маманы жұмысын жақсы атқарып жатқан жоқ: «Әлімханұлының аккаунтын кім жүргізсе де, ол, сірә, боксшы болу арманын сахналап жүр, және мұны көру шынымен өкінішті», — деп жазды Марк.
Айта кетейік, Адамесқа жасаған медиалық «шабуылы» барысында Әлімханұлы оған испан тілінде де жолдау арнады.