Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы қанша жалақы алатыны белгілі болды

Футбол
Transfermarkt
Қазақстан футбол құрамасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен “Оқжетпес” клубының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаевтың жалақысын жария етті, деп хабарлайды Bassport.kz.
“Командада ол (Аслан Дарабаев) ең жоғары жалақы алатын екі ойыншының бірі болды. Өздеріңіз білесіздер, “Оқжетпесте” жалақылар өте төмен — шамамен 1 миллион 250 мың теңге, үш миллионға да жетпейді. Бұл өте ауыр жағдай”, – деді Мәулен Fonteam YouTube арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, 36 жастағы Аслан Дарабаев 2014-2024 жылдар аралығында Қазақстан құрамасы сапында 24 ойын өткізіп, бір гол соққан.