Нұралы Әліп РПЛ-дегі матчтан кейін қатаң сынға ұшырады

Нұралы Әліп РПЛ-дегі матчтан кейін қатаң сынға ұшырады
Футбол

Transfermarkt

«Зенит» қорғаушысы, қазақстандық футболшы Нұралы Әліп Ресейдің танымал комментаторы Геннадий Орловтың қатаң сынына ілікті, деп хабарлайды Bassport.kz.  

«“Динамо” – “Зенит” матчының нәтижесі әділетті ме? Тыңдаңыздар, питерліктерге әлі де жолы болды, олар жеңілмей қалды. Гладышев қандай сәттерді мүлт жіберді 1:1 есебінде! Ол Эраковичтен де, орталық қорғаушылардан да оңай өтіп кетті – ал Әліп оны қуып жете алмады. “Динамо” ойыншысының жылдамдығы керемет! Ал қонақтардың қорғаушыларындағы баяулық – Семак үшін үлкен бас ауыртар мәселе. Олар бұдан жылдамырақ болмайды», – деді Орлов «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Нұралы Әліп қазіргі таңда Ресей Премьер-лигасында “Зенит” сапында ойнап жүр.