2025 жылғы “Алтын допқа” басты үміткер анықталды

2025 жылғы “Алтын допқа” басты үміткер анықталды
Футбол

Sport24

Bassport.kz хабарлауынша, Goal интернет-басылымы 2025 жылғы “Алтын доп” жүлдесіне басты үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл сыйлық әлемнің ең үздік футболшысына беріледі.

Қазіргі уақытта бірінші орынды “Барселона” клубының бразилиялық вингері Рафинья ұстап тұр. Одан кейінгі орындарда “Пари Сен-Жерменнің” шабуылшысы Усман Дембеле мен каталондық клубтың тағы бір жас жұлдызы Ламин Ямаль орналасқан.

“Алтын допқа” үміткерлердің ТОП-10 тізімі:

1. Рафинья (“Барселона”, Испания)

2. Усман Дембеле (“ПСЖ”, Франция)

3. Ламин Ямаль (“Барселона”, Испания)

4. Педри (“Барселона”, Испания) (+3 орын)

5. Мохамед Салах (“Ливерпуль”, Англия)

6. Роберт Левандовски (“Барселона”, Испания)

7. Деклан Райс (“Арсенал”, Англия) (+1 орын)

8. Лаутаро Мартинес (“Интер”, Италия) (-4 орын)

9. Харри Кейн (“Бавария”, Германия)

10. Килиан Мбаппе (“Реал” Мадрид, Испания)