UFC Шавкат Рахмоновтың орнына титулдық жекпе-жекке жаңа үміткер таңдады

UFC Шавкат Рахмоновтың орнына титулдық жекпе-жекке жаңа үміткер таңдады
Жекпе-жек
Бокс

Chris Unger/Getty Images

UFC президенті Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың орнына жартылай орта салмақтағы (77 кг дейін) ирландиялық файтер Иэн Гэрридің чемпиондық жекпе-жекке қосалқы қатысушы болатынын ресми түрде растады. Бұл айқас 11 мамырда UFC 315 турнирінде америкалық Белал Мухаммад пен австралиялық Джек Делла Маддалена арасында өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Бұл – ресми. Иэнге құрмет көрсету керек: ол қысқа мерзімде жекпе-жекке келісуге дайын әрі кез келген қарсыласпен айқасуға әзір», – деді Дана Уайт баспасөз мәслихатында.

Иэн Гэрридің жасы 27-де. Ол UFC-де 2021 жылы дебют жасаған. Мансабындағы жалғыз жеңілісті 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмоновтан тапқан. Қазіргі таңда UFC-де оның еншісінде тоғыз жеңіс пен бір жеңіліс бар.