Тарихи Азия чемпионатында финалистер саны бойынша Қазақстан Өзбекстаннан басым түсті

ҚБФ
Иордания астанасы Амманда World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы алғашқы Азия чемпионатында финалистер анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz.
15 және 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жартылай финалдық кездесулерден кейін турнирдегі үш үздік құрама белгілі болды.
Финалға шыққан боксшылар саны бойынша Қазақстан құрамасы көш бастап тұр. Біздің командан жалпы 31 финалист: олардың 19-ы - 15 жасқа дейінгі санатта, 12-сі - 17 жасқа дейінгілер арасында.
Өзбекстан құрамасы финалға 30 боксшыны шығарып отыр: әр жас санатында 15 спортшыдан.
Ал Үндістан құрамасы “алтын” үшін 21 рет таласады (U15 санатында 14 боксшы, U17 санатында — 7 боксшы).
Айта кетейік, бұл - World Boxing ұйымының аясында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы алғашқы тарихи Азия чемпионаты.