Қазақстан дзюдошылары Душанбе төрінде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

Дзюдо
ҰОК
1–3 мамыр күндері Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі өтеді.
Ауқымды додада Қазақстан құрамасынан сегіз спортшы ел намысын қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми мәліметіне сәйкес, татами төрінде медаль үшін күресетін спортшылар тізімі:
Әбиба Әбужақынова (48 кг дейін)
Алдияр Қарағұлов (60 кг дейін)
Нұрмұхаммет Ботабай (66 кг дейін)
Ықылас Әлсейіт (73 кг дейін)
Аңсарбек Ғайнуллин (81 кг дейін)
Досхан Жолжақынов (81 кг дейін)
Ермұхан Естай (100 кг дейін)
Мұхаммедәли Мавлидов (100 кг дейін)
Турнирге әлемнің әр түкпірінен 200-ден астам дзюдошы қатысады. Бұл дода - әлемдік рейтингте ұпай жинау және алдағы ірі турнирлерге жолдама алу үшін маңызды кезеңдердің бірі болмақ.