Қазақстан дзюдошылары АЧ-2025 жарысын аяқтады

Дзюдо
Olympic.kz
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның дзюдо құрамасы өз өнерін аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандастарымыз командалық жарыста қола жүлде үшін күресті. Алайда жүлдегерлер қатарына қосыла алмады.
Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін өткен кездесуде Оңтүстік Корея командасынан 0:4 есебімен жеңілді. Екінші қола медаль үшін Тәжікстан мен Моңғолия құрамалары таласады. Ал финалда Өзбекстан мен Жапония татамиге шығады.
Осылайша, Азия чемпионатында қазақстандық дзюдошылар төрт медаль еншіледі.
Қола жүлдегерлері:
Ғалия Тынбаева (48 кг дейін),
Шерзод Давлатов (60 кг дейін),
Бақыт Құсайбаева (57 кг дейін),
Мейірлан Максим (90 кг дейін).