Милад Карими Каирдегі Әлем кубогының тағы бір алтын медалін жеңіп алды

Милад Карими Каирдегі Әлем кубогының тағы бір алтын медалін жеңіп алды
Басқа

ҰОК

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің екінші финалында да топ жарды.

Карими кермеде орындаған жаттығуында үздік нәтиже көрсетті. Ол бағдарламасын сәтті аяқтап, төрешілерден 14,466 ұпай жинады. Екінші орынға Кипр өкілі Мариос Георгиу (14,066 ұпай), ал үшінші орынға Швейцария гимнасты Ноэ Сейферт (13,866 ұпай) ие болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығулар бағдарламасында да жеңіске жеткен еді. Жалпы қорытынды бойынша ол Әлем кубогының абсолютті жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Каримидің еншісінде спорттық гимнастикадан Әлем кубогында жеңіп алған алты алтын медаль бар.