Ғалия Тынбаева Азия чемпионатындағы басты қарсыласын атады

Ғалия Тынбаева Азия чемпионатындағы басты қарсыласын атады
Дзюдо

gov.kz

25–28 сәуір аралығында Бангкок қаласында (Тайланд) дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. 

Бұл құрлықтық додаға Қазақстан құрамасынан 17 спортшы қатысады. Аталған бәсекеде 30 елден 300-ге жуық дзюдошы татами төрінде бақ сынамақ.

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірі, Астанадағы Grand Slam турнирінің алтын жүлдегері Ғалия Тынбаева чемпионат алдындағы дайындығы және жарыстан күтілетін нәтижелер жайында Bassport.kz тілшісіне пікір білдірді.

— Құрамада кім сіздерге мотивация береді?

— Біздің жаттықтырушыларымыз – басты мотивация көзі. Олар әрқашан бізге сенім артып, табысқа жетуіміз үшін өз өмірін арнайды. Сонымен қатар, бізбен бірге жаттығатын қыздар мен жігіттер де маған үлкен шабыт береді.

— Фавориттер қатарындасыз. Қай елдің спортшылары басты бәсекелес болады деп ойлайсыз?

— Жапон және моңғол дзюдошылары мықты. Сонымен қатар, Қытай құрамасынан жас әлем чемпионы бар. Өзбекстаннан да екі тәжірибелі спортшы бар. Жалпы, басқа елдерден де осал қарсылас жоқ.

— Қазақстан құрамасынан қандай нәтиже күтесіз?

— Барлық салмақ дәрежесінде жүлде аламыз деп сенемін. Қыздар да, жігіттер де жақсы дайындалған. Бар күшімізді саламыз.

— Сұхбаттасқаныңызға рахмет!