Маттеус Рюдигердің Кубок финалындағы әрекеті туралы: «4 апталық жалақысынан айыппұлмен шектелсе– жолы болғаны»

AFP 2024 / OSCAR DEL POZO
Лотар Маттеус Антонио Рюдигердің ұзақ уақытқа ойыннан шеттетілетінін болжайды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Испания Кубогының финалында екінші экстра-таймның қосымша уақытында бас төреші Рикардо де Бургос Бенгоэчеа «Реалдың» шабуылын тоқтатты. Себебі Килиан Мбаппе «Барселона» қорғаушысы Эрик Гарсияға қарсы ереже бұзды. Бұл жағдай «Реалдың» қорғаушысы Антонио Рюдигерді ашуландырды. Ол қосалқы орындықтан мұз кесегін төрешіге лақтырып жіберді. Сол үшін Рюдигер алаңнан қуылды.
«Ол есінен адасты, өзін толықтай ұстай алмады. Ол — Германия құрамасының ойыншысы, басқаларға үлгі болуы керек еді. Бірақ ойын кезінде бәрін ұмытты.
Егер тек 4 апталық жалақысымен айыппұлмен шектелсе, бұл — оның жолының болғаны. Мен ұзақ мерзімді дисквалификация күтемін. XXL деңгейдегі санкциялар болуы керек. Оның үстіне ол сынақ мерзімінде жүрген болатын», – деді «Баварияның» және Германия құрамасының бұрынғы ойыншысы Маттеус.