Қазақстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады

ҰОК
Қазақстан құрамасы Италияда өткен шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ІА дивизионындағы өнерін аяқтады.
Соңғы турда біздің команда Украина құрамасына қарсы мұзға шықты. Ойынның бірінші кезеңінде қарсыластар есеп ашты. Қазақстандық хоккейші Әлішер Сәркенов екінші кезеңде толық құрамда ойнап жүріп есепті теңестірді. Алайда украиналық спортшылар тағы екі шайба соғып, басымдықты өз қолдарына алды.
Ойынның негізгі уақытының аяқталуына үш минут қалғанда Алихан Бақыт есеп айырмасын қысқартқанымен, қазақстандықтар таразы басын теңестіре алмады. Нәтижесінде Украина құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Турнир қорытындысы бойынша Дания құрамасы барлық бес кездесуінде жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді және топ-дивизионға жолдама алды. Украина екінші орынға жайғасып, күміс медаль иеленді. Ал Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын қола жүлдемен қорытындылады.