Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатындағы алғашқы жеңілісін тіркеді

Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатындағы алғашқы жеңілісін тіркеді
Дзюдо

IJF

2025 жылғы дзюдодан Азия чемпионаты Таиландта басталды, деп хабарлайды Bassport.kz Sportarena.kz сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан Диана Буркеева жарысты ерте аяқтады. 48 келі салмақта ел намысын қорғаған жетісулық дзюдошы бірінші айналымда моңғолиялық Наранцэцэг Ганбатарға есе жіберді. Жекпе-жек иппонмен (таза жеңіс) аяқталды.

Айта кетейік, 30 жастағы қарсыласы - дзюдо әлеміндегі танымал спортшы. Ол “Үлкен дулыға” (Grand Slam) турнирінің сегіз мәрте жүлдегері. Сондықтан да кездесуде абсолют фаворит саналды.

Ал 21 жастағы Диана Буркеева - Қазақстанның қазіргі чемпионы. Дегенмен халықаралық аренадағы ең ірі жетістігі - 2019 жылы кадеттер арасында Азия чемпионатының қола жүлдесі.