Қазақстан дзюдошысы Азия чемпионатында Өзбекстан спортшысын жеңді (ВИДЕО)

Дзюдо
ҚДФ
Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Есет Қуанов (73 кг дейінгі салмақ дәрежесі) жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Алғашқы кездесуінде Есет өзбекстандық Мардон Равшоновты қосымша уақытта (Golden Score) вазари ұпайымен жеңіп, келесі айналымға өтті. Кейін ол қырғызстандық дзюдошы Мұса Шабданбековты да жеңіп, жарысты жалғастыруда.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола медаль түскен болатын. Оларды Ғалия Тыныбаева (48 кг) мен Шерзод Давлатов (60 кг) жеңіп алды.