Хоккейші спорт сарайында түнеуге мәжбүр

Хоккей
“Торпедо” ХК
Петропавлдық «Құлагер» клубының қорғаушысы Алексей Дерзаев команданың ішкі ахуалына қатысты алаңдатарлық мәлімдеме жасады. Ол «Головой об лёд» жобасына берген сұхбатында қаңтар айынан бері жалақы алмағанын растады, деп хабарлайды Bassport.kz.
— Қазіргі жағдай қиын. Кейбір ойыншылар пәтер ақысын төлей алмай, қарызға кіріп жатыр. Жеке өзім спорт сарайында түнеймін. Басқа барар жерім жоқ, — деді Дерзаев.
Оның айтуынша, жас ойыншылар да күнкөріс үшін қарыз алып, қиын жағдайда қалуда. Клуб ішіндегі бұл қаржылық дағдарыс хоккейшілердің моральдық жағдайына да кері әсер етіп отыр.
Еске салайық, «Құлагер» Қазақстан чемпионатының биылғы маусымын 10-орында аяқтады. Команда 40 матчта небәрі 28 ұпай жинаған.
8 сәуір күні клуб бас бапкер Александр Истоминмен келісімшартты бұзып, оның орнына Андрей Спиридоновты тағайындаған болатын.