«Барыс» клубының жаңа бас директорына үміткерлер белгілі болды

sports.kz
Bassport.kz сайтының хабарлауынша, «Головой Об Лед» бағдарламасында Астана қаласының «Барыс» хоккей клубының бас директорлығы қызметіне үміткерлердің есімдері белгілі болды.
Аталған кандидаттар клуб ішіндегі кулуарлық әңгімелерде қызу талқыланып жатыр. Дегенмен, түпкілікті шешімді жоғары деңгейдегі басшылық қабылдайды. Бұл жолы, бұрынғыдай асығыстыққа жол берілмейді деген болжам бар.
Үміткерлер қатарында:
Диас Маржықпаев — былтыр Астана қаласындағы №10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалған.
Руслан Есеналин — 2024 жылдың соңында ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне келген. Бұған дейін ол «Құлагер» хоккей клубын басқарған тәжірибесі бар.
Вячеслав Борисов — Астанадағы жеке хоккей мектептер желісінің негізін қалаған.
Талғат Қитаров — ұзақ уақыт бойы «Астана» хоккей клубын және жергілікті балалар-жасөспірімдер спорт мектебін басқарған.
Жаңа басшының тағайындалуы клубтың болашағына тікелей әсер ететіні анық, сондықтан бұл шешім үлкен жауапкершілікпен қабылданатыны сөзсіз.