Нұрлан Оразбаев «Барыс» клубының бас директоры қызметінен кетті

Нұрлан Оразбаев «Барыс» клубының бас директоры қызметінен кетті
Хоккей

ХК “Барыс”

Астаналық «Барыс» хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.

Оразбаев бұл қызметке 2024 жылдың қазан айында Иванищев Борис Анатольевичтың орнына тағайындалған болатын. Оның алғашқы шешімдерінің бірі — команданың сол кездегі барлық солтүстікамерикалық ойыншыларымен келісімшартты бұзу болды. 

Айта кетейік, «Барыс» биылғы маусымды өте сәтсіз аяқтады — команда Шығыс конференциясында 68 матчта 35 ұпай жинап, 12-орынға табан тіреді. Бұл — клуб тарихындағы ең нашар нәтиже.