«Барыс» хоккейшілері Тоқаевқа үндеу жасады

«Барыс» хоккейшілері Тоқаевқа үндеу жасады
Хоккей

“Барыс” ХК

«Барыс» хоккей клубының бірқатар қазақстандық ойыншысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, клубтың бас директоры Нұрлан Оразбаевты қызметінде қалдыруды сұрады. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

Үндеуге клуб капитаны Роман Старченко, сондай-ақ Алихан Асетов, Тамирлан Гайтамиров, Кирилл Савицкий, Самат Данияр мен Әділ Бекетаев қатысқан. Олар Instagram желісінде ортақ бейнежазба жариялап, өз әріптестерінің қолдауына ие болды — бірнеше ойыншы жазбаны өз парақшаларында бөлісті.

Айта кетейік, күні кеше Нұрлан Оразбаевтың «Барыс» клубының бас директоры қызметінен кеткені туралы ақпарат ресми түрде жарияланған болатын. Ол бұл лауазымға 2024 жылдың қазан айында тағайындалып, қысқа мерзім ішінде бірқатар даулы шешімдер қабылдаған еді.

Оразбаевтың басшылығы кезінде клуб маусымды сәтсіз өткізді: «Барыс» ҚХЛ тарихында алғаш рет турнир кестесінің соңғы сатысында маусымды аяқтады.