«Арлан» чемпиондық дубль жасай ала ма?

«Арлан» чемпиондық дубль жасай ала ма?
Хоккей

“Арлан” ХК

15 сәуір күні Өскеменде шайбалы хоккейден 2024/2025 жылғы маусымдағы Pro Ligasy финалының төртінші матчы өтеді.

Мұз айдынында Көкшетаудың «Арланы» мен жергілікті «Торпедо» кездеседі. Алтын медаль үшін тартыста маусым бойы үздік нәтиже көрсеткен екі команда — тұрақты біріншіліктің бірінші және екінші орын иегерлері жолықты.

Финалдық серия Көкшетауда басталып, аншлагпен өткен алғашқы екі кездесуде «Арлан» сенімді жеңіске жетті. Бұл матчтарға шамамен үш мың жанкүйер жиналды. Серияның үшінші ойыны Өскеменде өтті. Бұл жолы 4000-ға жуық жергілікті жанкүйердің қолдауымен «Торпедо» барын салды. Алайда шешуші сәттерде Көкшетау командасы тағы да басым түсті.

Енді төртінші кездесу серия тағдырын шешуі мүмкін. «Арлан» чемпиондық дубль жасап, маусымды мерзімінен бұрын аяқтай ма? Әлде «Торпедо» қайсарлық танытып, серияны ұзартуға жол таба ма?

Бұл сұрақтарға ертең жауап аламыз. Матчтың басталуы — 19:30.

Тікелей эфир Qazsport, InHockey телеарналарында, Кинопоиск платформасында және pro.ligasy.kz сайтында көрсетіледі.