Винисиус Жуниор «Реал Мадрид»-тен кетпекші

Винисиус Жуниор «Реал Мадрид»-тен кетпекші
Футбол

Әлеуметтік желі

«Реал» клубының жұлдызы Винисиус Жуниорды Сауд Арабиясының клубтары өз қатарларына қосуға ұмтылуын жалғастыруда. Бұл туралы Bassport.kz Championat.com сайтына және журналист Бен Джейкобстың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Дереккөздің мәліметінше, бразилиялық вингердің Сауд Арабиясының Про-лигасы өкілдерімен байланысы әлі де үзілген жоқ. Винисиус бұған дейін бірнеше рет «Реалда» қалғысы келетінін ашық айтса да, «Аль-Ахли» клубы ойыншыға барынша қызығушылық танытып отыр.

Футболшының мадридтік клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. 2024/25 маусымында Винисиус Жуниор 44 матчта 19 гол және 11 нәтижелі пас тіркеген.