Халықаралық «Жібек жолы» турнирі: Қазақстан атынан қанша боксшы финалға жолдама алды

Халықаралық «Жібек жолы» турнирі: Қазақстан атынан қанша боксшы финалға жолдама алды
Бокс

Әлеуметтік желі

14 сәуір күні Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан беделді халықаралық «Жібек жолы» турнирінің жартылай финалдық кезеңі аяқталып, финалға шыққан спортшылардың есімдері анықталды. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

Қазақстан құрамасынан финалға алты спортшы жолдама алды:

Әйелдер арасында:

– Анжа Садуақасова (52 кг) ресейлік Валерия Линкованы 5:0 есебімен жеңіп, финалға шықты

– Элина Базарова (54 кг) әзірбайжандық Бахия Ибрахимовамен болған кездесуде бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті

– Виктория Байдукова (57 кг) жергілікті спортшы Айнур Микайлованы үшінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді

Ерлер арасында:

– Бағлан Кенжебек (54 кг) өзбекстандық Шахзод Музафаровты 4:1 есебімен жеңді

– Нұрбек Мұрсал (71 кг) Сардор Абдумуталиевтен (Өзбекстан) 5:0 есебімен басым түсті

– Санжаралі Бегалиев (75 кг) ресейлік Амин Кушковты 4:1 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге өтті.