Ермахан Ибраимов Төрехан Сабырханның бокс стилі туралы пікір білдірді

Ермахан Ибраимов Төрехан Сабырханның бокс стилі туралы пікір білдірді
Бокс

Нұрғали Жұмағали

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген Төрехан Сабырханның өнеріне жоғары баға берді. Бұл туралы ол BasSport.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

— Төрехан Сабырханның стиліне өте жоғары баға беремін. Шоу көрсете білу, адамдарды өзіне тарта білу, өзінің мінез-құлқын рингте жақсы көрсете білді. Шынына келгенде, бұл кәсіби боксқа тән қасиет, — деді Ибраимов.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан Астанада өткен бокс кешінде чехиялық Иржи Хауке (4-6, 2 КО) есімді қарсыласына қарсы алғаш рет кәсіпқой рингке шықты. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланғанымен, Сабырхан үшінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жарқын дебют жасады.

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Төрехан бұрын әуесқой бокста үлкен жетістіктерге жеткен. Енді ол кәсіпқой рингте де ел сенімін ақтауға кірісті.