Сұлтан Заурбекке WBC-ден жақсы жаңалық жетті

Бокс
Нұрғали Жұмағали
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) WBC нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақ дәрежесінде жаңартылған әлемдік рейтингте айтарлықтай ілгеріледі, деп хабарлайды Bassport.kz.
Сәуір айына арналған рейтингте «Қазақ патшасы» 28-орыннан бірден 16-орынға көтерілді. Бұл серпіліске 5 сәуір күні Астанада өткен жекпе-жекте Оңтүстік Африка өкілі Азинга Фузилені (18-3, 12 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, IBF Inter-Continental белбеуін иеленуі себеп болды.
Айта кетейік, бұл салмақта WBC әлем чемпионы — америкалық О’Шаки Фостер, ал басты үш үміткер қатарында мексикалық Эдуардо Эрнандес, филиппиндік Марк Магсайо және тәжік Мұхаммадхұжа Якубов бар.