Өзбекстандық UFC файтері Қазақстанда бойкот жариялауға шақырды

Өзбекстандық UFC файтері Қазақстанда бойкот жариялауға шақырды
Жекпе-жек

New Times

Белгілі өзбекстандық UFC файтері Нұрсұлтoн Рузибоев өз отандастарын Қазақстандағы OCTAGON лигасына қатысудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Bassport.kz Sportnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы спортшы Instagram желісінде тікелей эфир барысында мәлімдеді. Оның мұндай мәлімдеме жасауына өзбек файтері Одилхон Камолов пен қазақстандық Еркебұлан Тоқтар арасындағы жанжал себеп болған.

Еске сала кетейік, Алматыда өткен OCTAGON лигасының баспасөз конференциясы алдында Тоқтар Камоловқа күтпеген жерден шапалақпен соққы жасаған еді. Бұл жағдай файтерлер қауымдастығында үлкен резонанс тудырды. Өз кезегінде тәжікстандық спортшы Камариддин «Камил Карате» Хасанов бұл оқиғаның алдын ала ұйымдастырылған пиар қадам болғанын мәлімдеді.

OCTAGON ұйымдастырушылары бұл жанжалға қатаң шара қолданды. Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов 6 айға жарыстардан шеттетілді.