UFC-дің бұрынғы чемпионы бес жылға сотталды

UFC-дің бұрынғы чемпионы бес жылға сотталды
Жекпе-жек

Әлеуметтік желі

Ауыр салмақтағы (120 кг дейін) UFC-дің бұрынғы чемпионы, 42 жастағы америкалық Кейн Веласкес Санта-Клара округінің сот шешімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оған 2022 жылы жасалған кісі өлтіруге оқталу және қаруды заңсыз қолдану айыптары тағылған, деп хабарлайды Bassport.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап.  

Айта кетейік, айыптаушы тарап Веласкесті 30 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған, ал қорғаушы тарап шартты мерзімді тағайындауды талап еткен.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың ақпанында Кейн Веласкес ұлына жыныстық қысым көрсетті деп айыпталған ер адамның көлігіне бірнеше рет оқ атқан. Алайда ол күдіктінің орнына оның өгей әкесін жарақаттаған болатын.