Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын ММА жауынгерлері белгілі болды

Әлеуметтік желі
Naiza FC промоушенінің президенті Нұрбек Қарабала Bank.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы ММА файтерлерінің табыстары туралы айтып, ең жоғары жалақы алатын спортшыларды атады, деп жазады Bassport.kz.
— Қазіргі таңда Қазақстандағы ең көп табыс табатын файтер кім?
— Мұратбек Қасымбай. Сондай-ақ Жұман Жұмабеков пен Фаниль Рафиковтың да табысы жақсы екенін білемін.
— Яғни, гонорарлар шамамен 30-40 мың доллар көлемінде ме?
— Қасымбайдың табысы 30 миллион теңгеге (60 мың доллар) дейін жетеді деп естідім.
— Ал шетелде өнер көрсететін қазақстандықтар арасындағы ең табыстылары кімдер?
— Бірінші кезекте, бұл UFC-де өнер көрсететіндер: Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев. Сондай-ақ Артем Резниковтың гонорары да өте жақсы деп естідім.
— Мансабын енді бастаған файтер дайындық үшін қанша қаражат жұмсайды?
— Барлығы жаттығу орнына байланысты. Егер спортшы үйінде жақсы жағдай жасап, жеке бапкерімен дайындалса, шығын аз болады. 1,5-3 айлық дайындық лагері, дұрыс тамақтану, протеиндер, дәрумендер және рұқсат етілген фармацевтикалық препараттарға 150-350 мың теңге шамасында қаражат кетеді.