Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды

Жекпе-жек
Әлеуметтік желі
Британдық журналист Кэм Кавана қазақстандық Шавкат Рахмонов пен америкалық Шон Брэди арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Bassport.kz.
22-23 наурызға қараған түні Лондонда өткен UFC турнирінің басты айқасында Шон Брэди бұрынғы дивизион чемпионы Леон Эдвардсты тұншықтыру әдісімен жеңді. Жекпе-жек алдында Брэди бұл кездесуді титулдық айқасқа үміткер анықтайтын матч деп санайтынын және кейін Белал Мұхаммед – Джек Делла Маддалена жұбының жеңімпазымен UFC чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасқысы келетінін айтқан болатын.
— Шавкат титулдық жекпе-жекке әбден лайық, бірақ мен оның да, Брэди де Белал/ДДМ айқасының нәтижесін күтіп, бос отыруын қаламаймын. Жарақатына байланысты жағдай қалай екенін білмеймін, бірақ келесі жекпе-жек дәл осы Шавкат Рахмонов пен Шон Брэди арасында өткенін көргім келеді, — деп жазды Кавана әлеуметтік желідегі парақшасында.