Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионатында алтын жеңіп алды (ВИДЕО)

Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионатында алтын жеңіп алды (ВИДЕО)
Күрес

Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионаты-2025 финалында жеңіске жетіп, құрлықтық турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші белдесуде Қайпанов қырғызстандық балуан Орозобек Токтомамбетовпен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионы атанды. Ал қарсыласы Токтомамбетов күміс медальмен шектелді.  

Айта кетейік, Қайпанов – қазіргі әлем чемпионы және 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 

Сонымен қатар, ол бұған дейін 2019 және 2021 жылдары Азия чемпионатында алтын иеленіп, енді үш дүркін Азия чемпионы атанып отыр. Орозобек Токтомамбетов ересектер арасында әзірге ірі жетістіктерге жетпегенімен, жастар арасында (U-23) үш дүркін Азия чемпионы болып табылады.