Қазақстандық балуан жапон спортшысынан оңбай жеңілді

Күрес
Спортты дамыту дирекциясы
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионаты-2025 жарысында Қазақстан атынан сынға түскен Начын Куулар қола медаль үшін белдесу өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Куулар жапон балуаны Йосиносукэ Аоягимен кездесіп, 0:8 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Йосиносукэ Аояги Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, Начын Куулар жүлдесіз қалды.
Айта кетейік, UWW (Біріккен күрес әлемі) рейтингінде Аояги 70 келі салмақта көш бастап тұр. Ал Куулар төртінші орында. Сонымен қатар, жапон спортшысы былтырғы жылы Азия және әлем чемпионаттарында күміс жүлде иеленген.