Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы “анықталды”

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы “анықталды”
Жекпе-жек

Әлеуметтік желі

UFC комментаторы Ян Баранчук америкалық файтер Шон Брэди (18-1) Леон Эдвардсты (22-5) жеңгеннен кейін қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (19-0) жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.kz сілтеме жасап.

— Шон Брэди UFC рейтингіндегі бірінші нөмірлі файтерді жеңіп, титулдық жекпе-жекке басты үміткерлердің біріне айналды. Алайда әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Белал Мұхаммедпен жұдырықтасатын Джек Делла Маддалена бар, сонымен қатар, Шавкат Рахмонов та титул жолында маңызды фигура саналады. Бұған дейін Шавкатқа Белалмен жекпе-жек ұсынылған еді, алайда жарақатына байланысты ол кездесуге шыға алмады. Сондықтан Шон Брэди мен Шавкат Рахмонов арасындағы жекпе-жек титулдық айқасқа ресми үміткерді анықтайтын шайқас болуы мүмкін, — деді Баранчук.