Михаил Шайдоров Денис Тен туралы әлем чемпионатынан кейін пікір білдірді

Михаил Шайдоров Денис Тен туралы әлем чемпионатынан кейін пікір білдірді
Басқа

Әлеуметтік желі

Бостонда өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген қазақстандық Михаил Шайдоров 2018 жылы қаза тапқан Олимпиада жүлдегері Денис Тен туралы жүрекжарды пікір айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Matchtv.ru-ға сілтеме жасап.

— Денисті еске алу әрдайым жүрегімді елжіретеді. Ол арамызда болса, жетістіктерім жайлы айтып, қай бағытта жұмыс істеу керектігін көрсетсе ғой деймін, — деді Шайдоров баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 19 шілдесінде Сочидегі Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен Алматыда көлігінің айнасын ұрламақ болған қылмыскерлерді тоқтатпақ болып, пышақ жарақатынан көз жұмған еді.

Михаил Шайдоров қысқа және еркін бағдарламалар нәтижесінде 287,47 ұпай жинап, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Алтын медальді америкалық Илья Малинин жеңіп алды (318,56 ұпай).