Свиридов: «Шерифке ауысуға жақын болдым»

Футбол
KFF
«Елімай» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Иван Свиридов өткен жылы Еуропаға ауысуға бір қадам қалғанын айтты. Оның сөзінше, 2023 жылы оған Молдованың «Шериф» клубы қызығушылық білдірген.
Ол кезде Свиридов Қарағандының «Шахтер» командасында ойнап жүрген. Алайда клубтар ортақ шешімге келе алмай, трансфер жүзеге аспай қалған.
«Еуропадан ұсыныстар болған. Бірақ клубтар арасында келісім болмай қойды. 2023 жылы “Шериф” қызыққан еді. Мен ол кезде “Шахтерде” болатынмын», – деді футболшы Sport+ басылымына берген сұхбатында.
Қазір Иван Свиридов «Елімай» сапында доп теуіп жүр және ұлттық құрамаға тұрақты түрде шақырту алып келеді.