Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиада-2026 жолдамасын жеңіп алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиада-2026 жолдамасын жеңіп алды
Басқа

ҰОК

Қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында сенсациялық нәтижеге қол жеткізді. Ол жарысты екінші орынмен аяқтап, 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Олимпиадаға қатысу үшін әлем чемпионатында алғашқы 24 спортшының қатарына кіру қажет болатын. Шайдоров бұл талапты артығымен орындап, Қазақстанға маңызды квота алып берді. Қазір ISU тарапынан ресми растау күтілуде.

Айта кетейік, еркін бағдарламада Михаил Шайдоров 192,70 ұпай жинап, жалпы есепте 287,47 балмен күміс жүлдегер атанды. Алтын медальді америкалық Илья Малинин (318,56), ал қола жүлдені жапон спортшысы Юма Кагияма (278,19) жеңіп алды.