Ризабек Айтмұхан финалда ірі есеппен жеңіліске ұшырады

Ризабек Айтмұхан финалда ірі есеппен жеңіліске ұшырады
Күрес

Спортты дамыту дирекциясы

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты-2025 додасында еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Ризабек Айтмұхан алтын медаль үшін күресті, деп хабарлайды Bassport.kz.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда Ризабекке жапониялық балуан Араш Ёсида қарсылас атанды. Кездесу нәтижесінде Ёсида 7:1 есебімен сенімді жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.

Осылайша, әлем чемпионы Айтмұхан Азия чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, UWW (Біріккен күрес әлемі) рейтингінде Ёсида 97 келі салмақта екінші орында болса, Айтмұхан жетінші сатыда тұрған. 2023 жылы әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмухан Азия біріншілігінде қатарынан үшінші жыл финалда жеңіліп, «алтынға» жете алмай отыр.