Чемпиондар лигасы финалында алғаш рет армян футболшы ойнайды

Чемпиондар лигасы финалында алғаш рет армян футболшы ойнайды
Футбол

“Интер” қарымта матчта “Миланды” 1:0 есебімен жеңіп (бірінші матч - 2:0), Чемпиондар лигасы финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Миландық клубтың жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян Чемпиондар лигасы финалында өнер көрсететін алғашқы армян футболшысы атанды. Соңғы ойында 34 жастағы футболшы алаңға бастапқы құрамда шығып, 44-минутта алмастырылды. 

10 маусым күні Стамбулда өтетін финалдық бәсекенің екінші қатысушысы бүгін анықталады.