Енді ҰБТ тапсырудың қажеті жоқ: Шерхан Қалмұрза ректорлық грант иегері атанды

Футбол
«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза тағы да ел назарында. Бұл жолы оған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы грант табыстады.
Министр Шерханмен жүздесіп, оның табандылығы мен спорттағы ерік-жігерін жоғары бағалады. Айтуынша, талантты спортшылар сапалы білім алып, жан-жақты дамуы тиіс.
Енді 18 жастағы қақпашы ҰБТ тапсырып, басын қатырмайды. Ол министрдің қолынан алған грант арқылы еліміздің кез келген жоғары оқу орнына тегін түсе алады. Бұған дейін Shoqan брендінің негізін қалаушы Улугбек Шарипов оған Exeed RX көлігін сыйлаған болатын.
Айта кетейік, “Қайрат” 21 қазанда кипрлік “Пафоспен” кездеседі. Егер Анарбеков пен Заруцкий алаңға оралмаса, қақпа алдында Шерхан Қалмұрза тағы бой көрсетеді.