Мерей Әбілованың күйеуі ұлттық құрама сапында: Дінмұхамед Қашкен ел намысын қорғауға мүмкіндік алды

Мерей Әбілованың күйеуі ұлттық құрама сапында: Дінмұхамед Қашкен ел намысын қорғауға мүмкіндік алды
Футбол

KFF

Танымал блогер Мерей Әбілованың күйеуі, “Жетісу” қорғаушысы Дінмұхамед Қашкен Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. 

Қорғаушыны бас бапкер міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы өтетін ойындарға қосқан. 25 жастағы футболшы биылғы маусымда 12 ойын өткізіп, оның бесеуін “Ұлытау”, жетеуін “Жетісу” сапында ойнаған. Бұған дейін ол “Қайсар”, “Ақтөбе” және Литваның “Жальгирис” клубтарының сапында өнер көрсеткен. Тұрақты ойынымен көзге түскен аяқдоп шебері өз тарихында алғаш рет ел намысын қорғауға мүмкіндік алып отыр. 

Футболшының ұлттық құрамадан шақырту алуы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр, себебі Дінмұхамед – желі қолданушылары жақсы білетін Мерей Әбілованың күйеуі. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 10 қазан күні “Астана Аренада” Лихтенштейнге қарсы доп тепсе, 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македониямен ойнайды.