Ресми: Фабио Каннаваро – Өзбекстан құрамасының бас бапкері

Футбол
M.Lukunic / Press Sports)
Италиялық маман Фабио Каннаваро енді Өзбекстан ұлттық құрамасын жаттықтырады. Бұл туралы Өзбекстан футбол қауымдастығы ресми түрде хабарлады.
52 жастағы бапкердің басты мақсаты – командасын 2026 жылы өтетін Әлем чемпионатына алып шығу. БАҚ деректеріне сүйенсек, Каннаваро мен оның бапкерлік құрамы жылына шамамен 4 миллион еуро еңбекақы алады.
Айта кетелік, футбол жанкүйерлері үшін аты аңызға айналған Каннаваро ойыншы кезінде Италия құрамасының капитаны болып, 2006 жылғы Әлем чемпионатын жеңіп алған еді. Енді ол бапкер ретінде Өзбекстан құрамасымен жаңа кезеңді бастамақ.