“Интер” 13 жылда алғаш рет Чемпиондар лигасы финалында ойнайды

“Интер” 13 жылда алғаш рет Чемпиондар лигасы финалында ойнайды
Футбол

Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында “Интер” қарсыласы “Миланды” 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Екі матч қорытындысында жалпы 3:0 есебімен финалға шыққан “Интер” 13 жылда алғаш рет чемпиондық атаққа таласпақшы. Соңғы рет 2009-2010 жылдар маусымында Жозе Моуринью

команданы жаттықтырған кезде, клуб Чемпиондар лигасы финалында өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған. Ол кезде миландық клуб финалда мюнхендік “Баварияны” 2:0 есебімен жеңген.

Чемпиондар лигасы биылғы маусымының финалында бақ сынайтын екінші команда бүгін анықталады. Мадридтік “Реал” мен “Манчестер Сити” арасында Манчестерде өтетін екінші ойын Астана уақытымен 01:00-де басталады.